Date of publication: 26.07.2019 13:09
Date of changing: 26.07.2019 13:14

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің біртұтас тауар номенклатурасына (ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауарларды жіктеу сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары (әрі қарай - СЭҚ қатысушылары) үшін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Біріншіден, тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН қандай жіктеу кодына жататына байланысты әкелу/әкету кедендік баж салығының ставкасы анықталады, сәйкесінше, төленетін кедендік төлемдердің мөлшері, тауарлар мен көлік құралдарына тарифтік емес реттеу шаралары және тыйым салулар мен шектеулерді қолдану айқындалады.

Екіншіден, тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН белгілі бір жіктеу кодына жатқызу көбінесе арнайы техникалық білімнің болуын және тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оны жасау тәсілдерін анықтаумен байланысты қосымша сараптамалар жүргізуді талап етеді.

Үшіншіден, тауарларды дұрыс жіктеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің кедендік саясатын жүргізу кезінде қолданылатын сыртқы сауда статистикасының объективтілігін көтеруде және тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен бақылау процесінде оны жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылдауда маңызды роль атқарады.

Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды жіктеуді Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, тауарларды жіктеудің дұрыстығын тексеруді кеден органы жүзеге асырады.

Кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кеден органы олардың дұрыс жіктелмегенін анықтаған жағдайларда, тауарларды жіктеуді жүзеге асырады.

Кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды жіктеуді тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдер және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды жіктеу туралы шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады

Сонымен бірге, одақтың аумағында бірдей тауарлардың жіктемесі біркелкі болмайды, яғни Одаққа мүше-мемлекеттердің кедендік органдары бірдей тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН-ның әртүрлі жіктемелік кодына жатқызуы мүмкін.

Бұндай жағдай рұқсат етілмейді, өйткені СЭҚ қатысушыларын тең емес жағдайға қояды, сауданың кедендік статистикасын бұрмалайды, статистикалық деректердің салыстыруын нашарлатады, кедендік баждардың және/немесе тыйымдар мен шектеулерді дұрыс қолданбауға соқтырады.

Кеден органдары тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдерді және Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталымданбаған немесе жасалып бітпеген түрінде өткізілетін тауарларды жіктеу туралы шешімдерді қабылдау жолымен кедендік декларациялауға дейін тауарларды жіктеуді жүзеге асыруы мүмкін.

         Тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу туралы ақпараттарды Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтынан алуға болады: http://www.eurasiancommission.org/ru/ («Қызмет» тарау - «Кедендік ынтымақтастық» - «Кедендік заңнама және құқыққолдану тәжірибе департаменті»).

 

Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Тарифтік реттеу басқармасы

Тауарларды жіктеу бөлімінің басшысы

Ш.Қ. Бірімжанов