БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер депатаменті 2016 жылдың 26 және 27 қаңтары күндері «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық және Кеден кодекстеріне енгізілген өзгерістер» тақырыбында салық төлеушілерге арналған семинар өткізеді.
Семинар барысында салық төлеушілер корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты өзгерістер туралы, қосымша құн салығы бойынша есепке алуға және тіркеуге байланысты өзгерістер жайында, сондай-ақ жеке тұлғаларға салық салудағы және агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңашылдықтар жөнінде біле алады. Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы, мәліметтерді тіркейтін, әрі жолдайтын бақылау-кассалық құрылғыларды және POS- терминалдарды қолдану жөнінде нақты ақпараттар беріледі.