
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бүгін 25 желтоқсан 2015 жылы СЭҚ (сыртқы экономикалық қызмет) қатысушылары мен резидент еместерге салық салу проблемалық сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.
«Дөңгелек үстелге» Ақтөбе облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысты және СЭҚ қатысушылары болып табылатын ірі компаниялар, резидент емес заңды тұлғалар мен шетел мамандарымен жұмыс жасайтын компаниялар шақырылды.
Кездесуде резидент еместерді әкімшілендіру және кедендік әкімшілендіру бойынша келесідей сұрақтар талқыланды: роялти бойынша кеден төлемдері, резидент еместердің табыстары болып табылатын дивидендтер, роялти нысанындағы табыстарына салық салу, қосарланған салық салуды болдырмау, тұрақты мекеме құрылуы, және басқа да сұрақтар.
Салық төлеушілерге келесідей негізгі сұрақтар бойынша түсініктер берілді:
-
Егер көрсетілген қызметтің құны импортталатын тауарлардың кедендік құнына енгізілсе және импортқа төленетін қосылған құн салығы резидент еместерге төленетін қосылған құн салығынан кейін төленсе, салық төлеуші Салық кодексінің 70-бабына сәйкес қосымша салық есептілігін тапсыру жолымен есептелген бейрезиденттерге төленетін қосымша құн салығын азайтуға құқылы;
-
Ресей Федерациясының тиісті түрде заңдастырылмаған (апостиль қойылмаған) резиденттік сертификаттарын қолдану 2015 жылдың аяғына дейін тоқтатылған. Өйткені жақын арада резиденттік сертификаттарының түпнұсқасын немесе шетел нотариусының нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесін заңдастырмай (апостильсіз) өзара мойындау туралы Келісім жасасу жоспарланып отыр.
Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаменті