Date of publication: 18.12.2015 12:43
Date of changing: 18.12.2015 12:46

14 желтоқсанда СЭҚ қатысушыларға арналған семинар өтті

 

        Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірге бизнес қауымдастық өкілдері арасында Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) аумағына енетін елдерге ортақ талаптарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кету керек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуразиялық Экономикалық Одаққа ортақ заңнамаға ел аумағына кіргізуге немесе сыртқа шығаруға кейбір тауар түрлеріне тыйым салатын өзгерістер енгізілетін болады.

       Сонымен қатар, қаңтардың бірінен бастап Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына (ДСҰ) ресми түрде кіретін болады. Қазақстан ДСҰ аясында өз жауапкершілігіне бірқатар міндеттер алды. Мәселен, негізгілері қатарында 3877 тауарлық айқындамаға қатысты тарифтік жеңілдік (артықшылық) жасау туралы міндеттер бар. Оның ішінде 2016 жылы сырттан әкелінетін 1347 тауарлық айқындамағакедендік баж салығы төмендейді. Бұл  тізімде бар тауарларға кедендік әкелім бажы айтарлықтай азаяды: 10,4 пайыз өлшенген орташа бағадан 6,5 пайыз тарифке дейін төмендемек. Егер, тауар баж салығы төмендетілген бағамен әкілген болса, Қазақстан Республикасының оны ЕАЭО елдеріне, яғни, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусь мемлекеттерінің аумағына шығаруға құқы жоқ. ЕАЭО елдеріне ортақ біріңғай кедендік тариф  бойынша әкелінген тауарлар ғана аталған елдер аумағына шығарылатын болады.  

      Кеңес барысында барлық кеңеске қатысушылардың назары негізгі мәселеге аударылды. Ең бастысы тауарға қатысты кез келген ресімдер кезінде (әкелу, сату, шығару) бірінші кезекте тауардың кеденнен өткізу құқығынан айыру туралы тізімде бар-жоғына көз жеткізу керек.

     «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкелу, өткізуге қатысты кейбір сұрақтар туралы»  хаттаманың нормаларына сәйкес, кеденнен өткізу құқығынан айырылған тауарлар тізіміне енген тауарларға байланысты бақылауға қойылатын талаптар бекітілді.

  1. Бұл тізімге енгізілген және төмендетілген кедендік баж бойынша әкелінген тауарларды Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүшелігіне кіретін басқа мемлекеттердің аумағына шығаруға тыйым салынады;
  2. Ал аталған тізімге енгізілмеген тауарларды Біріңғай кедендік тариф мөлшері бойынша әкелуге болады. Бұл жағдайда мұндай тауарлар ЕАЭО тауары мәртебесіне ие болады. 

    Ең негізгісі, кәсіпкерлер тауарды ел аумағына алып келмес бұрын оның соңғы нүктесін анықтап алулары керек. Егер, тауарлар Қазақстанның аумағында сатылатын немесе пайдаланылатын болса, онда оны төмендетілген кедендік баж бойынша әкеле беруге болады. Ал егер, тауар кейін ЕАЭО елдеріне жөнелтілетін, сол елдердің аумағында сатылатын болса, онда тауар ЕАЭО елдеріне ортақ біріңғай кедендік тариф бойынша өтуі керек. 

     Айта кету керек, тауарды сыртқа шығару кезінде қойылатын шарттың ең негізгісі —  тауардың ілеспе құжатының құрылымы мен тіркелуі тауарларды есепке алудың ұлттық жүйесінде қаралған болуы керек.

   Осы нормаларды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті электрондық шот-фактура жүйесін қолдануды ұсынады. Электрондық шот-фактураны толтыру талаптарына қатысты өзгерістер заңды күшіне енгеннен кейін бұл барлық кәсіпкерлерге түсіндіріледі.