Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Департаментінің орынбасары Н.С. Әлжановтің басшылығымен 2015 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидалары) жобасын және 2016 жылғы 1 қантарда күшіне енетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Заң мен Еңбек кодексіндегі өзгертулер жөнінде талқылау бойынша кездесу өткізді.
Кездесу «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Бисенғали Мухрисұлы Ағзамов пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент Рафкат Төлеуғалиұлы Бисеновтің қатысуымен өтті. Қонақтар мемлекеттік қызметшілерге қатысты Заңдылықтағы негізгі өзгертулер бойынша баяндалармен сөз сөйледі. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасын Президентінің жолдауындағы негізгі бағыттармен таныстырды.
Кездесу барысында Жолдаудың стратегиясы талқыланды және оған белсенді қолдау көрсетілді. Қатысушылармен мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің жобасын, еңбек кодексін әрі қарай дамытуға ұсыныстар шығарылды.
Юдкина Роза Анесовна
Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті