Date of publication: 20.11.2018 11:39
Date of changing: 20.11.2018 11:40

2018 жылдың 19 қарашасынан бастап жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып  жүрген сұрақтарына жеке тұлғалар жедел жауапты «WhatsApp» мессенджері арқылы ала алады. Сұрақтарды 8-776-136-41-32 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады.

Сондай-ақ, келесі жолдармен кеңес алуға болады:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс орталығынан;

2) кеден заңнамасының мәселесі бойынша қалалық телефоннан «1412», ұялы телефоннан 8-800-080-64-52 нөмерлері бойынша
Call-орталығынан  (экономикалық салада қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтимал, не жасауға тырысқан әрекеттері, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тараптарынан сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз іс-қимылдары туралы хабарламаларды (шағымдарды) қабылдайды);

3) салық және кеден Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша -          8-7132-21721