Date of publication: 08.10.2018 16:20
Date of changing: 08.10.2018 16:21

2014 жылы Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымында қаржы полициясы, салық және кеден қызметтерін біріктіргеннен кейін әр бағыт бөлек блок ретінде ұсынылды, соның ішінде құқық қорғау блогы  Экономикалық тергеу қызметі деп аталады.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құзыретіне экономика саласындағы құқық бұзұшылықтарды және қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеу кіреді.  

Осы қызметтің орындайтын тапсырмалары біршама күрделене түсті, бүгінгі күні қылмыс бір орында тұрған жоқ. Қызметкерлер мемлекет пен қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін күнделікті міндеттерін сәтті шешіп отырады. Қазіргі уақытта біздің облыста экономикалық қылмыстармен шамамен 100 қызметкер күреседі. Олардың басты міндеттері қысқа мерзімде қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу болып табылады.  Жақсы нәтижелерге қол жеткізіп және өз кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын  жедел қызметкерлер туралы көп мейірімді сөздерді айтуға болады. Құрметпен және жоғары кәсібилікпен өз міндеттерін адал орындап отыр. үздік ізге түсу шеберлері мінсіз қызметі және жоғары кәсіби біліктілігі үшін  жоғарғы басшылармен бірнеше рет марапатталды.

Экономикалық тергеу қызметінің қалыптасу тарихы мемлекет  тарихымен, Қазақстанның қаржы полициясының, кеден қызметінің қалыптасу және даму тарихымен, өз өмірін заңға және өз халқына жанқиярлық адал қызмет етуге арнаған адамдардың тағдырымен тығыз байланысты. Елдегі   тұрақтылық пен халық бірлігі арқасында экономика өсіп келе жатыр, азаматтардың әл-ауқаты жақсарды. Дегенмен, дағдарыстық құбылыстардың салдарынан, әлеуметтік және рухани саладағы кемшіліктерде, тәрбие жұмысындағы қателіктердің немесе адамдардың бюрократикалық қатынастары салдарынан әлі де экономикалық қылмыстар орын алуда. Аса маңызды қылмыстар кредиттік және банк секторында жасалуда, шикізат пен дайын өнімді ұрлау және шетелге заңсыз шығару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, алаяқтық, жалған ақша жасау және тұтынушыларды алдау фактілері де кең таралған.

Экономикалық тергеу қызметкерлері күнделікті қылмыстық қол сұғушылықтан мүліктің барлық түрлерін қорғауға бағытталған алдын алу  және жедел-іздестіру іс-шараларын үнемі жүргізеді. Экономикалық тергеу қызметі туралы жан-жақты Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Серік Болатұлы Қаңгереевті ең үздік жедел қызметкерлерінің бірі ретінде сипаттауға болады.

Ақтөбе қаласында туып өскен, жоғарғы оқуың бітіргеннен кейін ол қаржы полициясына жұмысқа орналасты, 2010 жылдан бастап жедел бөлімшеде қызмет істеді, үш қызмет біріктіргеннен кейін жедел-іздестіру бөлімшесіне ауыстырылды.

С. Қангереев экономикалық саласында көптеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың бетін ашты, көбіне заманауи жағдайларда жаңа технологияларды қолданаумен жасалған күрделі қылмыстар. Әрине, бұл қызметтерін адал атқаратын  еңбегі батыл, табанды, күшті, қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы тұра алатын қызметкерлердің еңбегі.

Қауіп-қатерге және тәуекелмен байланысты жұмыстың күрделілігіне  қарамастан, оның табандылығы мен адалдығына, бастамаларына, батылдық,  тез және суық қанмен шешім қабылдау қабілетімен, ақылға қонымды қамқорлық пен алдын ала ескерту, өнімділік және қайырымдылыққа, өз-өзін ұйымдастыру мен табандылықтың жоғары  деңгейіне, кәсіби дағдылар, әртүрлі жағдайларда, оның ішінде экстремалды жағдайларда тиімді жұмыс істеу қабілеті, жаңа талаптарға бейімделу және олардың қызметінің сипатын қайта құрылымдау мүмкіндігі Серік Болатұлы үнемі алдын-ала  шараларын қабылдау үшін тұрақты негізде қылмыскерлердің жоспарларының  орындалуына жол бермеу мақсатында кәсіби әдістерді пайдалана отырып,  қылмыскерлерді қылмыс үстінде ұстау арқылы, қолға түсірді.

Жедел-іздестіру қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін жоғарғы басшылықпен бірнеше рет марапатталды.

«Сіз бүгінгі таңда жедел-іздестіру қызметінің қандай бағыттарын  басымды деп санайсыз?» -  деген сұраққа. 

С.Қаңгеревтің жауабы: «Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында ауыр қылмыстадың жасалуы кең етек алуда. Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы саласындағы  ұрлық,  алкогольдік сусындардың заңсыз айналымы, көлеңкелі ақшаны заңдастыруға аса назар аударуды талап етеді. Сонымен қатар, ұлттық жобаларды қолдау, оның ішінде осы жобаларға  бөлінетін  бюджет қаражатын қорғау  жөніндегі  шараларды қамтамасыз ету жұмысы басым бағыттардың бірі болып табылады.        

Адал емес салық төлеушілердің әділетсіздіктен құтылудың көптеген  схемаларын, түрлі айлаларын пайдалану арқылы  қандай  бұзушылықтар жасайтындығы бойынша біргеше мысалдар келтіруге болады. Біздің міндетіміз мемлекетке келтірілген залалдың алдын алу және біздің бөлімшенің жұмысы мемлекеттік экономикалық мүдделерді қорғауға бағытталған.» -  .

«Қылмыстық іздестіру күні» мерекесі қарсаңында осындай күрделі жұмыста Серік Болатұлына зор денсаулық, кәсіби біліктілік, сәттілік, мол бақыт, отбасынызға тыныштық пен ынтымақ тілейміз, алға қойған мақсаттарға және барлық өмірлік жетістіктерге жетіңіз дейміз.    

 

Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Экономикалық тергеу қызметі