
Алға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы республиканыңбарлық өңірлерінде мемлекеттік қызметті алу рәсімін оңтайландыру және оңайлату мақсатында мемлекеттік қызметтің эксаумақтық қағидатын еңгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылғандығын хабарлайды. Қызмет көрсетудің эксаумақтық қағидаты салық төлеушінің есепке алу тіркеу орнына байлаулы болмауы, яғни, кез келген мемлекеттік кірістер органдарында қызметті алу мүмкіндігін көздейді. Эксаумақтық қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері төмендегі қосымшада көрсетілген:
р/н № |
Қызмет атауы |
Көрсетілетін қызметті беруші |
|
Салық төлеушілерді тіркеу |
МКБ |
|
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру |
МКБ |
|
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру |
МКБ |
|
Қазақстан Республикасының резинденттігін растау |
МКД |
|
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) |
МКБ |
|
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру |
МКБ |
|
Салық есептілігін қабылдау |
МКБ |
|
Салық есептілігін керi қайтарып алу |
МКБ |
|
Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу |
МКБ |
|
Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару |
МКД |
|
Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту |
МКБ |
|
«Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті |
МКБ |