
Бекітілген кестеге сәйкес Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры АФ бірлесіп «Нурдаулет», «Акку» сауда кешендерінде саудагерлеріне Жаңадан қабылданған салыжәне кеден заңнамалары онымен қоса Елбасының 5 әлеуметтік бастамасындаға жалақысы төмен қызметкерлердің салық ауыртпалығын төмендету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Чек талап ет-жүлде ұтып ал мемлекеттік науқанының шарттарымен қатар өзекті тақырыпқа айналған электрондық сауда жасаудың жеңілдіктері мен тиімділігі турасында және үнемі айтылып отыратын бақылау-касса машиналары мен POS-терминалдарды қолдану тәртібі түсіндірілді.
Іс-шара барысында үлестірме қағаздар таратылып, кәсіпкерлер мен тұтынушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.