
2017 жылы 12 желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Алғашқы қозғалыс ретінде Үкімет тоғыз сала бойынша жеделдетілген цифрландыру стратегиясын бастап кетті.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі атап өткендей, цифрлық мықты мемлекет толық цифрлық шешім әлеміне ингеграцияланған мықты бизнестен басталады. Осыған байланысты бағдарлама бизнестің барлық басым бөліктерінде цифрлық технологияларды кең көлемде енгізу және қолдануға бағытталған. Бұл бағытта кәсіпкерлер үшін диджитализацияға ынтыландыру жүйесі құрылатын болады.
Әлемдік тәжірибеде цифрландырудың басым бағыттарының бірі болып, кедендік процесстерді автоматтандыру болып табылады. Кедендік әкімшілендіруді автоматтандыру бақылау нәтижелері ақпараттық жүйе көмегімен тіркелетін электронды құжаттар арқылы тауарларды электронды декларациялауды қарастырады.
Цифрлық бастаманы жүзеге асыру мемлекеттің одан әрі экономикалық өсуі үшін бірқатар іс-шараларындағы маңызды бөлшегі болуы қажет.Бағдарлама қосымша құнды құру және экономикадағы шығынды қысқартуда маңызды үлесі бар, бұл өз алдына мемлекеттің ЖІӨ қарқынын өсуіне ықпал етеді.
Бағдарламаға сәйкес ЖІӨ қөзқарасынан ең маңызды әсері басты 12 жобаға келеді, ең бастысы кіші және орта бизнес үшін (бірыңғай терезе) цифрлық платформаны құру, сонымен қатар, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және электронды декларациялауға ауысу болып табылады.
Осы мақсатта Қазақстанда кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық автоматтандырылған жүйесі «АСТАНА-1» енгізілді. «Астана-1» АЖ көп фнукциялы және кешенді жүйе болып табылады, осыған байланысты қолданысқа енгізу кезең кезеңімен жүргізілді. «Астана-1» АЖ электронды декларацияны дамыту мақсатында Ұлт дамуы – 100 нақты қадам 38 қадамды жүзеге асыру аясында өңделіп енгізілді.
Осы уақытта жүйе тәжірибелі қолданыста. Жүйені өндірістік қолданысқа енгізу жүйені өңдеу бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру жөніндегі заңнамасымен қарастырылған тәртіпке және ережеге сәйкес барлық интеграцияланған өзара әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін тапсырылады.
Кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында соның ішінде осы процесстерді автоматтандыру жаңа заң шығару актілері қабылданып күшіне енді: Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексі, Евразия экономикалық Одақтың Кеден кодексі.
Белгілі болғандай, ұлттық компаниялардың экономикалық қызығушылығын арттыру және мемлекетке валюталық табыстың кірісін қамтамасыз ету мақсатында экспорттаушыларға жеңілдіктерді ұсыну ЕАЭО мүше мемлекеттердің заңнамасымен қарастырылған – қосымша құн салығын қайтару бойынша, өндіріс барысында төленген немесе экспортталатын тауарларды алуда. Жеңілдіктерді ұсыну салық заңнамасымен реттелген.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 386 бабына сәйкес тауар экспортын растау құжаттарының бірі, экспорт кедендік процедурасына қоя отырып тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының кеден органының белгісі бар немесе ЕАЭО кедендік шекарасында орналасқан ЕАЭО мүше мемлекеттердің басқа кеден органының белгісі бар тауар декларациясының көшірмесі болып табылады.
Тауарлардың нақты шығарылғандығы туралы кеден органдарының хабарламасы бар салық органдарындағы ақпараттық жүйесіндегі электронды құжат түріндегі тауар декларацияларыда тауар экспортын растайтын құжат болып табылады.
Тауар экспорттау кезіңдеСалық кодексіне сәйкес қайтарылуы тиісті, қосымша құн салығының соммасын анықтау барысында ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың нақты шығарылғандығын растаудағы кеден органының мәліметтерін ескеру Салық кодексінің 152 бабымен қарастырылған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 159 бабына сәйкес, ЕАЭО Кеден кодексінің 93 бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың нақты шығарылғандығын растау тәртібі Комиссиямен анықталады.
Осы уақытта 2010 жылғы 18 маусымда №330 Кеден одағының Комиссиясының Шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың нақты шығарылған әкету орнында орналасқан кеден органымен растау Тәртібі қолданылады. Ол тауарлардың нақты шығарылғандығын растау бойынша ақпараттың электронды алмасуын және ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың нақты шығарылғандығы туралы белгісі бар тауар декларацияларын жинақтау, өңдеу және тапсырылуын қарастырады.
Кедендік реттеуді жетілдіру және кедендік процесстерді автоматтандыру мақсатында, Евразия экономикалық комиссиясы Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы №25 Шешімімен Евразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың нақты шығарылуын растау Тәртібі бекітілді және 2018 жылғы 01 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңа Тәртіп қағаз тасымалдағыштағы құжат топтамасын жолдауды қажет етпейтін тауар әкетілген кеден органымен тауар шығарылған кеден органдарының электронды түрдегі өзара жұмысын қарастырады. Тауардың нақты шығарылғандығын растау электронды хабарлама ауысу жолымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ егер тауардың нақты шығарылғандығы туралы ақпараттық жүйеде мәлімет болмаған жағдайда кәсіпорын субьектісі тауар шығарушы кеден органына тауардың нақты шығарылуын растау жөніндегі негізделген сұранысын электронды құжат немесе қағаз тасымалдаушыдағы құжат түрінде бос үлгіде жолдау мүмкіндігі бар.
Жаңа тәртіп тауар әкетілген кеден органымен ЕАЭО кедендік аумағынан шығарылатын тауарларға қатысты кедендік бақылаудың нәтижелі жүргізілуіне, бөлек сұраныстар бойынша кәсіпорын субьектілеріне тауардың нақты шығарылғандығын растау туралы ақпарат ұсынуға, тауарлардың нақты шығарылғандығын растау процессін жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған, сонымен қатар, қағаз тасымалдауыштардағы құжаттармен алмасу және сақтауға байланысты кеден органдарының қаржылай шығындарын азайтады.
Евразия экономикалық комиссиясы Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы №25 Шешімімен бекітілген «Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарымен Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың нақты шығарылуын растау Тәртібімен» docs.eaeunion.org ресми сайтында танысуға болады.
Ақтөбе облысы бойынша МКД
«Ақтөбе мамандандырылған бекеті» кеден бекеті
Багиров В.А.