
Сот орындаушылары ҚР аумағынан тысқары жерге шығуға, мүлікке немесе банк шоттарына шектеу қоюға толық құқылы.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті алдағы демалыс маусымының қарсаңында шет елдерге шығу кезінде түрлі қолайсыздықтарға тап болмау үшін, салық берешегі бар салықтөлеушілердің берешек сомаларын толық өтеу керектігін алға тартады. Жоғарыда айтылып өткендей, салық берешегі бар тұлғаға сот орындаушылары ҚР аумағынан тысқары жерге шығуға, мүлікне немесе банк шоттарына шектеу қоюға заңды түрде толық құқылы.
2018 жылдың сәуір айының 20-шы күнгі жағдайына жер салығы бойынша Ақтөбе облысының 10 мың тұрғыны үкіметке жалпы құны 27,7 млн. тенге бересі. Мүлік салығы бойынша 24,6 мың жеке тұлға 61,9 млн. тенге, көлңк құралы салығы бойынша 19,7 мың адам 387,9 млн.тг. Мемлекетке қарыз.
Салық берешегі бар немесе жоқ екендігі жөніндегі мәліметті ҚР ҚМ МКК ресми сайтының - (https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы) немесе Egov.kz электронды үкімет порталының Салық-қаржы бөлімінің - салық берешегі және (http://egov.kz/cms/ru/services/taxation/e_078 сілтемесінен) алуға болады.
Қосымша ретінде әрбір отандық ҚР Әділет Министірлігінің ресми ғаламтор-ресурсынаң http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/zapret сілтемесі арқылы ҚР аумағынан тысқары жерге шығуға шектеу бар жоғы салық берешегі туралы мәлімет ала алады.
Салық органы салық міндеттемесін уақытылы әрі толық орындауға шақырады.
Туындаған сұрақтар бойынша Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі 69 үй, 16 кабинет немесе 21-37-40 телефонына хабарласуға болады.
Ақтөбе облысы бойынша МКД
Өндірістік емес төлемдер
бөлімінің басшысы
Бекмурзин А.