Date of publication: 03.04.2018 14:56
Date of changing: 03.04.2018 15:00

Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаменті сіздердің назарларыңызға, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық кедендік рәсімдер АСТАНА-1 АЖ -де өңделетінін хабарлайды.

Сонымен қатар СЭҚ қатысушылардың және өкілдердің назарына «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» жаңа Кодексінің шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің «Төлеушілердің дербес шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдердің сомалары:

  • резиденттер, бейрезидентермен-заңды тұлғалармен – Мемлекеттік кірістер оганында төлеушінің тіркеу (тұратын жері) орны бойынша;
  • бейрезиденттермен - жеке тұлғалармен тауарлар шығарылатын жерде төленеді (өндіріліп алынады).

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті