
2018 жылы 29 наурызда Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің өкілі Нұрхат Маратұлы Мұңайтбасовтың қатысуымен аудандық құрылымдық бөлімшелермен селекторлық режимде семинар өткізді.
Семинар барысында «Б» корпусының бос әкімшілік лауазымдарына орналасу бойынша, сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекіту тәртібі туралы, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы және ант қабылдау тәртібі туралы сұрақтар қамтылды. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2018 жылы 15 наурыздағы №125 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары аудандық құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізілді.