Date of publication: 20.07.2015 18:43
Date of changing: 20.07.2015 18:45

Алкоголь өнімдерін сатып алатын

салықтөлеушілердің назарына!

 

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздердің назарларыңызға келесідей мәліметтерді жеткізеді.

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 шілдесіндегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады. Бұл Заң бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалығын анықтау тек Мемлекеттік кірістер департаментінің органдарымен «ИС УКМ» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты, алкоголь өнімін сатып алушылар және бөлшек саудада сатушылар сатып алынған алкоголь өнімдерінің есепке алу-бақылау маркасының сәйкестендіруіне күман туған жағдайда, Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі №73 мекен жайда орналасқан Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалығын анықтау үшін арнайы ашылған бөлімшеде (пункт) тексертуіне болады. Барлық сұрақтар бойынша хабарласатын телефон 96-99-41, 96-97-09.

 

 

 

Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
акциздерді әкімшіліктендіру бөлімі