
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 16 шілдеде кәсіпкерлерге Біріңғай күн кеңесін өткізді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 657-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіге (салық агентіне), соның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау арқылы көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.
Сонымен қатар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бюджеттің кіріс бөлігін толтыруға кәдімгідей әсерін тигізетінін атап кету қажет, яғни салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер уақытында және толық көлемде бюджетке түсу үшін, халық салық және төлемдерді төлеу аясындағы заңнамалар туралы жақсы хабардар болуы керек.
Біріңғай күн әр аптаның төртінші күні аумақтардағы МКБ тікелей салалық мамандарымен барлық қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріледі.