Date of publication: 02.02.2018 17:23
Date of changing: 02.02.2018 17:25

2018 жылдан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне                          сәйкес, әлеуметтік салықтың салық мөлшерлемесі 9,5 пайызға дейін азайтылған.

           Берілген азайту мөлшерлемесі уақытша болып саналады, 2025 жылы салық мөлшерлемесі бұрынғы мәніне, яғни 11 пайызға қайтадан келеді.

Бұдан басқа 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер: арнаулы салық режимін патент негізінде; шаруа немесе фермер қожалықтары;  Салық кодексінің 290 бабындағы 3-тармағының шарттарына сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар.

            Тағы бір өзгеріс, әлеуметтік салықты есептеуге қатысты – табыстар мен төлемдер құрамындағы өзгерістер, әлеуметтік салық салу объектісінен алып тасталуға тиісті.

2018 жылдан бастап салық салу объектісінен алып тасталады:

1)   міндетті зейнетақы жарналары;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар;

3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістер;

4) Салық кодексінің 654-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістер;

5) гранттар қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті