Date of publication: 30.01.2018 10:55
Date of changing: 30.01.2018 10:55

1. Салық кодексінің 305 баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер осы бапта айқындалған тәртіппен:

1) осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде:

есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдер);

есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) есептейді және төлейді;

2) мыналарды:

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы);

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының
есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы) жасайды және салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді:

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;

2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;

3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;

4) осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер; (289-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу)

6) осы Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер; (290-бап. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге   асыратын ұйымдарға салық салу)

5. Аванстық төлемдердің сомасы:

1) декларацияға дейін, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады). Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің
306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы;

2) декларацияға дейін:

алдыңғы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеген;

бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең
ішінде – осы баптың 3-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі;

3) декларациядан кейін, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және
652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі;

4) декларациядан кейін:

егер осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болған;

бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең
ішінде – осы баптың 3-тармағында көрсетілген;

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайларда ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.

6. Аванстық төлемдердің есеп-қисабы:

1) декларацияға дейін есепті салықтық кезеңнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей ұсынылады;

2) декларациядан кейін есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті