2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Кедендік рәсімдерді жетілдіру және Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі біріктірілген кедендік компонентаны енгізу» жобасы шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде осы ақпараттық жүйені тауарларды декларациялау бөлігінде тәжірибелік іске қосу жүзеге асырылды.
Осы жүйеде Кедендік одақ аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын электронды түрде (қағазсыз) декларациялау жүргізіледі.
Электронды декларациялау тауарларды кедендік ресімдеуге кеткен уақытты азайтуға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушырдың тауарларға арналған декларацияны ұсынуын оңайлатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта АСТАНА-1 АЖ-нде тауарларға арналған декларациялар шығару тек «Экспорт-10» кедендік рәсімінде жүзеге асырылуда, алдағы уақытта тауарларды «Импорт-40» рәсімі бойынша шығару жоспарлануда.
Жыл басынан бастап АСТАНА-1 АЖ-нде Департамент «Экспорт-10» кедендік рәсімінде 127 тауарларға арналған декларация шығарды.
Ақпараттық жүйені қолдануда туындаған проблемалық мәселелерді шешу үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Telegram» «мессенджерінде» топ құрды, оған проблемалық мәселелер сипатталған ақпараттарды жолданады.
Кедендік бақылау басқармасы
Ақтөбе облысы бойынша МКД