
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау желісі бойынша өз бетімен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру»
- «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
- «Халықаралық тасымалдау жол–көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру».
Сондай-ақ, мына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді:
- «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
- «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»
- «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу»
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтініш беру нысаны – жазбаша немесе электронды түрде. Бүгінгі күні өтініштердің негізгі бөлігі – жазбаша түрде.
Осыған байланысты, кеден ісі аясында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне өтінішті электронды түрде «Е-лицензиялау» Мемлекеттік кірістер базасының ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) порталы www.elicense.kz арқылы беруге болатындығын хабарлаймыз.
Кедендік бақылау басқармасы
Ақтөбе облысы бойынша МКД