
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара болып өтті.
Аталған шарада Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департамендінің басшысы Айбек Минаимбекович Паяев құттықтау сөз сөйлеп, Еліміздің тұңғыш президенті, мемлекетіміздің жетістігі туралы тілге тиек етті.
Мерекелік шараға арнайы келген Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану мұражайы мамандары Мемлекетіміздің қалай құрылғаны, жетістіктері және Еліміздің тұңғыш президенті жөнінде мәліметберді.
Шара соңында Елбасы туралы кітаптар көрме ретінде МКД мамандарына таныстырылды.