Date of publication: 27.11.2017 15:45
Date of changing: 27.11.2017 15:46

2017 жылғы 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында 2017 жылғы 12 мамырдағы ҚР ҚМ «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» №301 бұйрығымен бекітілген жаңа электрондық нысанындағы есеп-шоттары мен жаңа толтыру ережелері қолданылуда.

2015 жылғы 9 ақпандағы №77 Бұйрығына сәйкес  ағымды электрондық нысанындағы есеп-шоттары мен толтыру ережелері 2017 жылғы 1 қазанынан бастап заңды күшін жояды.

Электрондық нысанындағы есеп-шоттары мен толтыру ережелерінде электрондық шот –фактурасын толтыру мен жазып беру әдісін басшылыққа ала отырып,  талап ететілетін негізгі қағидаларымен қамтылған.

Осы Ережелерімен ҚР аумағында барлық салық төлеушілерімен қолданатын  жеке ЭШФ-ның нысаны да бекітілген.

Электрондықмен шот –фактурасы 14 тараулардан тұрады.  Салық төлеуші осы тарауды толтыру кезінде, сатып алатын тауар, жұмыс пен қызмет көрсету және мәмілелердің тараптары туралы ж.т.б. барлық қажетті мәліметтерді көрсетеді. Кейбір тараулары, мысалы, тауар жеткізуші мен тауар алушы туралы деректемелерді көрсету үшін тарауы және жалпы мәліметтерді көрсетуімен тарау да толтырылуға міндеттенеді. Жалпы жағдайындағы тараулар бөлігі толтырылуға міндеттелмейді. Мысалы, Мемлекеттік мекеменің Деректемелері атты тарау, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алуы тек мемлекеттік мекеменің мекенжайына жүзеге асырылған жағдайында толтырылады. Ал сатып алу ММ-нің емес- жеке немесе заңды тұлғанын мекенжайына жүзеге асырылған жағдайда, тарау толтырылмайды.

ЭШФ –нің жазып беру датасы мен тіркеу нөмірлерін көрсетуімен жолдары (ЭШФ АЖ) электрондық есеп-шоттарында ақпараттық жүйесімен автоматты түрде толтырылуда және қолмен редакциялануына арналмаған.

Басқа жолдары  дербес ЭШФ-ның жазып беруін жасайтын жауапты тұлғамен толтырылады. Егер қосымша немесе түзетілген құжат жазып берілсе, тарауда ЭШФ түріндегі, сондай-ақ ағымды жазып берілген бастапқы құжат туралы  мәліметтер көрсетіледі.

1 қазанынан бастап қолданысқа енетін ЭШФ нысаны бұрын қолданылған нысанынан ерекшелігі бар: нысанда толтыру үшін жолдар  мен тараулар саны көбейтілген. Ал, енді ЭШФ  тауар жеткізуші, әрі алушының өкілдерінің (операторларының) атынан  да ресімдеуге құқылы, осы үшін нысан ішіне жаңа I  және J тараулар қосылды.

Бірлескен қызмет қатысушыларына (тауар жеткізуші мен тауар алушыға  бірдей) қатысу үлесін көрсету үшін қосымша төркөздер қосылған. Бұрын осы мәліметтер нысанында көрсетілмеген.

Нысанында ҚР Салық Кодексімен белгіленген жағдайда қағаз жеткізгіште есеп шот-фактурасы жазылған датасын көрсетуге арналған қағаз жеткізгіштегі жазып беру Датасы (Күні) үшін жол қосылды. Тауар жеткізуші мен алушылардың санат тізбесі де кеңейтілген. Тауар жеткізуші үшін халықаралық тасымалдаушы, сенім білдіруші атты санаттар қосылды. Алушы үшін- сенім білдіруші, бөлшек сауда және басқалар атты санаттар енгізілді.

Қосымша деректерді көрсету үшін бұрын төркөздерде көрсетілген мәліметтер мамандандырылған төркөздерге шығарылған.

            Салық төлеушілерге қосымша ақпарат:

1. ЭШФ АЖ жаңартылған нұсқасында жұмыс жасау үшін 1С-Бухгалтерия жаңарту қажет.

2. Шот-фактура электрондық нысанда айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.

3. «Өлшем бірлігі» 51 бағанасы көрсетілген қызмет және орындалған жұмыс бойынша толтырылмайды.

4. Егер тауар 1,2,3,4 белгілеріне жатпаса және қызмет көрсету, жұмыс орындау жағдайларында тауарлардың коды толтырылмайды.

5. ЭШФ АЖ жаңарту нұсқаулығы KGD.GOV.KZ сайтында, ЭШФ АЖ бөлімінде орналастырылған.

6. Жеке тұлғаларға тауарларды өткізген кезде бөлшек сауда тор көзіне белгі қойылады.

7. Таурлардың шығу тегі «1»- Тізбеге енгізілген, «2»- Тізбеге енгізілмеген, «3» - ҚР өндірілген Тізбеге енгізілген, «4» - ҚР өндірілген Тізбеге енгізілмеген, «5» - 1,2,3,4 белгілеріне жатпайтын тауарлар, «6» - жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен жағдайларда.

8. ЭШФ АЖ түзетілген, қосымша шот-фактурасын жазып беру көзделген, алайда негізгі шот-фактура жүйеде сақталады.

9. Шот-фактураға түзету мен қосымшаларды талап ету мерзімі шегінде, яғни 5 жыл ішінде енгізуге болады.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД

ҚҚС әкімшілендіру бөлімі