Date of publication: 24.11.2017 17:36
Date of changing: 24.11.2017 17:37

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  ағымдағы жылдың 27 қарашасынан бастап табиғи теріден жасалған киімдерді таңбалауға бағытталған пилоттық жобаның «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» Ережесі күшіне енетінін ескертеді. 

Таңбалаудың мақсаттары:

1.Тұтынушы сатып алатын тауары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіліп, контрафактілік өнімнен қорғалады;

2.Кәсіпкерлерге бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдай теңестіріліп, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау жүзеге асырылады;

3.Мемлекет үшін көлеңкелі экономика көлемін қысқартып, бюджетке салықтардың түсімін арттыруға мүмкіндік ашылады.

 

             Тауар тізімдемесіне сәйкес таңбалауға табиғи теріден жасалған төмендегі заттар жатады:

1) қара күзен - 4303 10 9010 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);

2) саз кәмшат - 4303 10 9020 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);

3) түлкі - 4303 10 9030 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);

4) қоян, үй қоян - 4303 10 9040 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);

5) жанат - 4303 10 9050 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);

6) қой терісі - 4303 10 9060 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);

7) өзгелері (өзге терілерден жасалған киім) - 4303 10 9080 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС).

 

            Киімнің табиғи теріден жасалған жағасы, жеңі, қалталардың айналасы, сонымен қатар қолғап, былғары бас киімдер таңбалауға жатпайды.

            Осыған қоса, жеке тұлғалар өздері кию үшін әкелген тері бұйымдары бақылау, яғни сәйкестендіру белгілерімен таңбаланбайды.

Ең бастысы, бірінші кезекте сатылмаған тері бұйымдары да міндетті таңбалануға жататынын ескере отырып, салық төлеушілер  табиғи теріден жасалған киімдердің қалдықтарына түгендеу жұмыстарын жүргізуі қажет.

           ҚР аумағында таңбалау енгізілуі іске асырылған уақыттан бастап, сауда айналымында тек бақылау белгілерімен белгіленген табиғи теріден жасалған киімдер ғана сатылуға рұқсат етілетіні туралы салық төлеушілердің назарына жеткіземіз.