Date of publication: 23.10.2017 13:01
Date of changing: 23.10.2017 15:45

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, электрондық қызметтерді тарату мақсатында, 20-шы қазан күні "Халықтық кеңсе" ғимаратында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Бұл шараға Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жұмылдырылды.

Іс-шара барысында азаматтар тарапынан  қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларында консультациялық-әдістемелік көмек алуға мүмкіндіктері пайда болып керегінше ақпарат алуға жағдай жасалды.