
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментімен бірлесіп жеке тұлғалардың салық бережақтарын бірлесіп жинау үшін іс шаралар жоспарына қол қойды.
Әділет органының сот орындаушыларымен бірлесіп атқарған рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде, келесі айқын жұмыстарды өткізді:
8 қыркүйек 2017 жылғы жағдай бойынша көлік салығынан 2,3 млн теңге бережағы бар 5 жеке тұлға анықталды. Бұл салық төлеушілерге Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелері бережақты өтеу үшін міндетті талабымен хабарлама жіберілді, Бұл уақытта сот орындаушылар да сот бұйрығымен барлық мемлекеттік қызметтерді қолдануға тиым салды, банктік есепшоттарын қолдануға, ҚР басқа шет елдерге шығуға тиым салды. Сот орындаушылар 2 жеке тұлғаны 10 күнге және 5 күнге әкімшілік тұтқынға алу туралы соттың қаулысы бойынша әкімшілік тұтқындау қолданды.
- 5 борышкердің автокөлігін айыппұл тұрағына өткізді;
- 3 борышкерді сот орындаушының сот актісін орындамағаны үшін 22690 тенге әкімшілік жаза есебінде айыппұл салды, әр қайсысы барлық айыппұлды төледі.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті есекертеді егерде бережақтарын төлемеген жағдайда жоғарыдағыдай шаралар қолданылды.
Жеке тұлғалардың көлік құралдары салықтарының төлеу мерзімі ағымдағы 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу керек екенін еске саламыз!