
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылдың 27 шілде күні Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша «Ашық есік күндерін» өткізді. Оған қоса, кәсіпкерлерге, ұйым және кәсіпорын есепшілерінің өзекті сұрақтарына салық заңнамасына сәйкес жауап берілді. «Ашық есік күндері» науқаны әр аптаның бейсенбі күні аудандық кірістер басқармалары шеңберінде жүргізіледі.
Ақтөбе облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті