
«Аударымдар және төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, алған кезде POS-терминал арқылы төлем карточкасымен есеп айырысуда құқық бар.
POS-терминал арқылы төлем қабылдау міндеттемесі жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданылатын салық төлеушілерге тиісті екендігіне назар аударамыз.
2014 жылдың 1 қаңтарынан мұндай міндеттеме қолданылатын салық режімінің түріне қарамастан салық төлеушілерге қолданылады.
POS-терминалдарды қолдануға міндетті салық төлеушілердің қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2014 жылғы 29 мамыр №1147 бекітілген.
Сонымен бірге POS-терминалдарды қолдану бойынша міндеттеме:
Ø жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі;
Ø өз өндірісінің ауылшаруашылық өнімдері, немесе акваөсіру (балықшылық) өнімдерін, көтерме және бөлшек сауда жүзеге асыратын;
Ø сату сөрелері, автодүкендер, шатырлар, киоскілер, контейнерлер және сауда базарларының аумағына шығару арқылы қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты емес.
Егер салық төлеушілерде POS-терминал жоқ болған жағдайда, Сіз ондай деректі мемлекеттік кірістер басқармасына хабарлауыңызға құқығыңыз бар. Өтінімде ондай салық төлеушінің қызмет жасау орнын көрсетуіңіз қажет.
2013 жылдың 1 қаңтарынан салық органдарына POS-терминал болуы/болмауы мәселелері бойынша салықтық тексеру өткізу түрінде бақылау жүктелген. POS-терминалдың жоқ болуы дерегі расталған жағдайда, салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімет ретінде хабардар етеміз.