Date of publication: 01.07.2017 19:00
Date of changing: 10.07.2017 19:10

    Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесі жағдайды ескертеді, 2017 жылғы шілде айының 20 жұлдызында алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізетіндерге әр объекті үшін жыл сайын төлейтін лицензиялық алымның мерзімді уақыты келеді. Алымның сомасы объектінің тұрған аумағына байланысты 30 төменгі есептік көрсеткіштен 100 төменгі есептік көрсеткішке дейін құрастырылады.

         Осыған байланысты салықтөлеушілерден сұрайтынымыз лицензиялық алымды уақытында 2017 жылғы шілде айының 20 жұлдызына дейін төлеуін, себебі лицензиялық алымды уақытында төлемегені үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған 340 350 тенгеден 1 588 300  тенгеге дейін.