«Ақтөбе» мамандандырылған бекеті» кеден бекеті қызметінің қорытындысы
Уақытша әкелінетін көлік құралдары бойынша ақпарат алмасу сондай-ақ, тауарлар экспортын растау бөлігінде Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің кеден қызметтері арасындағы қол жеткізілген келісімдерді тарату мақсатында, тауарға арналған декларацияларды өндеу, жинақтау және жолдау, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) кеден аумағына уақытша әкелінетін шетел көлік құралдары туралы тізілімдер алмастыруға Қазақстан Республикасы тарапынан уәкілетті кеден органы болып Ақтөбе облысы бойынша МКД анықталды.
Жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кеден органдарының уәкілетті мамандандырылған бөлімшесі ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде жалғыз болып табылатын Ақтөбе облысы бойынша МКД-да «Ақтөбе» мамандандырылған бекеті» кеден бекеті қызмет атқарады.
Кеден бекеті, ЕАЭО уәкілетті кеден органдарымен өзара әрекеттерді жүзеге асырады, оның ішінде: Ресей Федерациясы тарапынан Орынбор кеденінің Южный кеден бекетімен, Беларусь Республикасы тарапынан Гомельск және Минск Орталық кеденімен, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметімен, Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетімен.
Кеден бекеті екі негізгі бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырады:
- тауарлардың нақты шығарылуын растау;
- бақылауда тұрған уақытша әкелінетін көлік құралдарына қатысты тізілімдер (ақпараттар) алмасу, сондай-ақ, осылар бойынша ЕАЭО кеден органдарының сұрауларына жауап жолдау.
2016 жылы тауарлар экспортын растау аясында, кеден бекетімен ЕАЭО кеден аумағынан тауарлардың нақты шығарылуы туралы белгілерімен 123 938 экспортты тауарлар декларациялары ЕАЭО уәкілетті кеден органдарына және мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген талаптарға сәйкестендіріліп өңделіп жолданды.
Уақытша әкелінетін көлік құралдарына қатысты ЕАЭО кеден органдары арасында ақпараттар алмасуды қамтамасыз ету аясында, 2016 жылы халықаралық тасымал мен жеке пайдалану үшін көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін ұзарту немесе аяқтау туралы 30 019 жазба – ҚР мемлекеттік кірістер органдарына және ЕАЭО уәкілетті кеден органдарына тізілімдер алмасу регламентіне сәйкестендіріліп қалыптастырылып жолданды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары мен ЕАЭО кеден органдарының сұрауларына жауап беру аясында, уақытша әкелінетін көлік құралдарына қатысты сұрау салу технологиясына сәйкес 1 514 сұрау орындалып, 39 081 автокөлікке қатысты ақпараттық жүйеде мәліметтердің бар болуы немесе жоқ болуы тексерілді. Орындалған сұраулардың жалпы санынан 47 сұрау ЕАЭО кеден органдарының өзара жедел әрекет ету аясында орындалды, осы сұрауларды өңдеу 24 сағат ішінде қамтамасыз етілді.
2016 жылы уақытша әкелінетін көлік құралдарына қатысты кеден органдарының сұрауларын өңдеу барысында, мәліметтер базасында бар мәліметтердің болмауы кезінде көлік құралдарын есепке алуға (тіркеуге) қоюды тексеру мақсатында кеден бекетімен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне қосымша сұраулар жолданды. Атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша ЕАЭО кеден аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын жалған кедендік құжаттар бойынша болжамалары полиция органдарында тіркеу айғақтары анықталды. Көрсетілген айғақтар бойынша 17 көлік құралдарына қатысты Ақтөбе облысы бойынша МКД уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне 11 материал жолданды. Жолданған материалдар жалған кедендік құжаттар бойынша уақытша әкелінетін автокөліктерді полиция органдарына есепке қою үшін бланкілер, мөрлер, мөртабандар, жалған құжатттар өтінімдері, сондай-ақ, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша анықталмаған тұлғаларға қатыстыКУИ тіркелді.
Қазіргі уақытта, материалдар бұдан әрі өндіріс жүргізу үшін ҚР сәйкесінше мемлекеттік органдарының аймақтары бойыншажолданып, тергеу жүргізілуде.
Ағымдағы жұмыстар қатарында, кеден бекетімен 2016 жылы талдау жұмыстары жүргізілді, уақытша әкелінетін көлік құралдары бойынша ақпараттар алмасу және тауарларды нақты шығаруды растау бойынша қызметті жетілдіру мәселелері бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сәйкесінше ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.
Кеден бекетінің қызметі мамандандырылған бөлімше ретінде тауарлардың нақты шығарылуы туралы ақпарат алмасу сондай-ақ, ЕАЭО қатысушы елдердің уәкілетті кеден органдары арасында көлік құралдарын уақытша әкелуді ұзарту немесе аяқтау бойынша мәліметтер алмасуды жедел жүргізуге мүмкіндік береді, қорытындылай келе, СЭҚ қатысушыларға экспортталатын тауарлар бойынша ҚҚС уақытылы кері қайтару жүргізуге, сонымен қатар, ЕАЭО қатысушы елдердің кеден органдарында бақылауда тұрған уақытша әкелінетін көлік құралдарын есептен алып тастауға мүмкіндік береді.