Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүліктері бар азаматтар Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына төмендегі құжаттарды табыс етулері керек:
1) екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесі;
3) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлiк және шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар, осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
4) эмитенттерi шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздар бойынша құжаттар, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi дербес шоттан үзiндi көшірме не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;
5) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат.
Шетел валютасында көрсетілген мүлік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына – теңгеде өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;
6) алымды төлегенін растайтын құжат.
Мүлiктi жария етуге ұсыну үшін құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 30 қарашасына дейін Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 31 бөлмеде қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша 56-29-07, 54-58-67 телефондарға хабарласуға болады.