Date of publication: 22.04.2015 17:20
Date of changing: 22.04.2015 18:12

 

     

 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 06.04.2015ж. нұсқауына сәйкес бүгін бүкіл республикалық экологиялық сенбілік елді мекеннің қоғамдық маңызы бар аумағында ұйымдастырылуда, бұл іс-шара республика бойынша барлық мемлекеттік кірістер органдарында өткізіліп жатыр.

Бұл экологиялық сенбіліктің мақсаты Департаменттің әкімшілік ғимараттарының аумағында санитарлық тазалау, жинау, жасыл желектерге күтім жасау болып табылады, қазірде  Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үш әкімшілік ғимаратта орналасқан, олар – Некрасов, Қобландин көшелерінде және 41-разъезде.

«Экологиялық сенбіліктер» - бұл қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға өз қолымызбен барынша үлес қосуға мүмкіндік береді. Әрбір азамат немес ұйым еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға қандай да бір ықпал етуге тырысуы қажет деп білеміз.  Және барлық қала тұрғындарын біздің жобамызды қолдауға шақырамыз.