
Ұлы Жеңістің 70 жылғы қарсаңында Ақтөбе облысы Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмабаев Таңжарық Жұмабайұлының отбасында болып, ардагерді Жеңістің 70-жылдығымен құттықтады. Басқарма басшысының ұйымдастыруымен ҰОС ардагеріне шынайы көмек көрсетіліп, яғни ардагердің тұрғын үйінің ауласы тазартылып, сондай-ақ, ардагерге азық-түлік корзинасы сыйға тартылды.

Жұмабаев Таңжарық Жұмабайұлы 1925 жылы Шалқар ауданы, Шетырғыз колхозы 2-ші Бесжылдық, 3-ші ауылда дүниеге келген. 1933 жылы әкесінен айырылған Таңжарық шешесі Дәмеш, қарындасы Нағима үшеуі жетім қалған. Шетырғыз колхозында Қаратоғай мектебінде 7 сыныпта оқып жүргенінде, 1942 жылы желтоқсанның 3-ші күні Армия қатарына шақырылған.
-Бізді 1942 жылы Башкирияның Уфа қаласына «Тұзтөбе» поселкесіне алып барды. Сонда бізді 10-15 күндей соғысқа дайындады. 1943 жылы дабылмен Уфа станциясында сапқа тұрғызып, біздерді эшалонға мінгізді. 1943 жылы қаңтардың 15-20-да Москваға түсірді. Волоколамск шоссесімен Москваның орталығынан 80 шақырым Кросногорск қаласында зениттік артеллерияда болдым.
Управление государственных доходов
по Шалкарскому району
Актюбинской области