
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 жылы 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Мерекелік қойылым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған документалды фильмнен басталды.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мамаев Т.Ш. барлық қызметкерлерді, аудандық басқармалар мен кірістер басқармасының зейнеткерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап мерейтойлық медальдармен, грамотамен марапаттады.