Date of publication: 12.12.2016 10:47
Date of changing: 12.12.2016 10:48

Құрметті салықтөлеушілер!!!

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VI Заңымен Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) келесі өзгерістер енгізілген:

  1. 439-бабына – шаруа немесе фермер қожалықтары бұрын осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметінде пайдаланылған активтерін сату кезінде бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін сақтап қалу бөлігінде;
  2. 448-бабына ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін жеке меншік (жер пайдалану құқығы) жер учаскелерінің міндетті түрде болу шарттарын алып тастау бөлігінде;

Аталған өзгерістер 2017 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 450-бабының 1 тармағына сәйкес Салық кодексінің 63 тарауымен анықталған арнаулы салық режимін қолдану үшін, жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе басқа да арнаулы салық режимінен ауысқан жағдайда салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылады.

Жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер арнаулы салық режімiн қолдану үшiн Салық кодексінің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.

Осылайша, жеке меншік (жер пайдалану құқығы) жер учаскелерінің болмауы салдарынан көрсетілген арнаулы салық режимін қолданбаған ауыл шаруашылық кооперативтерін, егер 2017 жылдан бастап аталған салық салу режимін қолдануды шешкен жағдайда хабарлама жолдаудың қажет екендігі туралы ескертуді ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жедел түрде ескерту қажет.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолдану туралы хабарлама жолдау үшін салық заңнамасында күнтізбелік күні анықталмаған. Аталған салық салу режиміне ауысу тәртібі Салық кодексінің 441-бабымен анықталған.

Сондай-ақ, Салық кодексінің жоғарыда көрсетілген бабының 1-тармағының ережелеріне сәйкес салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.