
Іс-шараның «негізгі мақсаты – халықтың салықтық және кедендік заңнамаларды ақпараттандыру деңгейін арттыру және азаматтардың салық төлеу бойынша міндеттерін абыройлы орындауға бағыттау.
«Ашық есік күні» акциялары әр апта сайын бейсенбі күні мемлекеттік кірістер басқармаларында жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге кеңестер беру үшін өткізіледі.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жүзеге асыратын міндеттерінің бірі – тарифтік емес реттеу шараларын сақтауға, сондай-ақ ЕАЭО техникалық регламенттер талаптарына сәйкестікті және экспорттық бақылау өнімдерін өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру.
ЕАЭО туралы Шарттың 46-бабаына сәйкес, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеудің мынадай бірыңғай шараларын қолданады:
- тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салу;
- тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге сандық шектеулер қою;
- тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық;
- тауарлардың экспортын және (немесе) импортын автоматты түрде лицензиялау (бақылау);
- тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат ету тәртібі.
Тарифтік емес реттеу шаралары ЕАЭО туралы Шарттағы № 7 қосымшаға , Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамаға, сәйкес тәртіппен жариялылық және кемсітпеушілік қағидаттарының негізінде енгізіледі және қолданылады.
Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестігін растау, сараптау нысандарында және (немесе) өзге нысанда жүргізіледі. Одақтың кедендік аумағында сәйкестігі міндетті түрде бағалануға жататын өнімді әкелу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300 Заңында халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібі белгіленген.
Осы Заңның күші осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне қолданылады.