
2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының салық және басқа да міндетті төлемдердің жалпы түсімі 472,6 млрд.теңгені кұрады. Соның ішінде Ұлттық қорға 116,7 млрд.теңге түсті.
Мемлекеттік бюджеттің болжамы 101,1% орындалды, немесе болжам көрсеткішінен 4,0 млрд.теңге артығымен түсті.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болжам көрсеткіштерін орындау, қосымша резервтерді анықтау максатында салық, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуіне әкімшіліктендіру шаралары жасалды, соның нәтижесінде қосымша 40,8 млрд.теңге көлемінде түсім қамтамасыз етілді.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер
Департаментінің Талдау және тәуекелдер басқармасы