
Агроөнеркәсіп кешеніндегі субъектілер үшін салық салу және жеңілдіктер сұрақтары бойынша «Ашық есік күні»
2017 жылдың 2 наурызында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен агроөнеркәсіп кешеніндегі субъектілер үшін салық салу және жеңілдіктер, мал шаруашылығы саласын қаржыландыру,инвестициялық субсидиялау және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Сонымен қатар, іс-шара жұмысына кәсіпкерлер арасында бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізген, қаржы институттарының мамандары және Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қатысты.