Жарияланған күні: 17.05.2018 19:04
Өзгертілген күні: 18.05.2018 17:28

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 21 мамырдан 30 қарашаға дейін  «Түбіртекті  талап ет- жүлдені ұтып ал» жылдық акциясы жүреді, әртүрлі сыйлықтар, оның ішінде автокөлік ойналатын болады.

Акцияның мақсаты- азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушы ретінде жеке құқықтарын қорғау мақсатында құқықтық мәдениетін тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі.

Акцияға тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушы фискальды түбіртектің қарапайым көшірмесін ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Сыйлықтарды ұтыс ойындары және тапсыру ай сайын Қазақстанның барлық аймақтарда жүргізіледі. Финалға шығу және суперсыйлықты ұтыс ағымдағы жылдың аяғында Мемлекеттік Кірістер Комитетінде өткізіледі. Акцияға қатысу үшін азаматтарға көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы акция жүргізілген мезетегі алынған түбіртектердің фотосуреттерін жолдаудары қажет. Ұтыстың жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады. Осылайша неғұрлым түбіртек көбірек жолданатын болса, соғұрлым қатысушыға сыйлық ұтуға мүмкіндік мол болады.

Ұтысқа  қайталанып жіберілген фискальды түбіртектер қатыса алмайды.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті