Жарияланған күні: 11.10.2018 18:05
Өзгертілген күні: 11.10.2018 18:06

Ақтөбе облысы бойынша МКД хабарлайды:

1 қазан 2018 жылға жағдайға Мемлекеттік кірістер органдары бойынша көлік құралдары салықтарының борышкерлер саны 14 258 жеке тұлға, берешек сомасы – 277 147,0 мың теңгені құрайды.

Осыған сәйкес салықтарын төлемей жүрген салық төлеушілерге өсімпұлдан құтылу үшін, тез арада өтеуге шақырады.

            Сонымен қатар 2018 жылғы жеке тұлғалар бойынша көлік құралдары салықтырының мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтосаны екенін ескертеді.

Салық төлемін мерзімінде төлемегені үшін ҚР салық кодексінің 610 бабына сәйкес әр бір өткен күнге автоматты түрде өсімпұл есептеледі.

Салық органдары салықтары төленбеген жағдайда жеке сот орындаушыларға салық бұйрықтарын беру арқылы берешектерді өндіріп алады. 

Туындаған сұрақтар бойынша Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі 73 үй, 16 кабинет, 21-37-40 телефонына немесе Ақтөбе қаласы бойынша МКБ: Маресьев көшесі 97 үй, 21-23 кабинет,  56-43-84, 56-29-08, 55-02-20 телефондарына хабарласуға болады.

Немесе бережақ сомаларды www.kgd.gov.kz сайты арқылы білуге болады.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД