Жарияланған күні: 24.04.2017 18:12
Өзгертілген күні: 24.04.2017 18:13
 
                Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, (ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің 46 бабының 2 тармағына сәйкес, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды.  Осыған сәйкес жеке тұлғалардың көлік құралдары салықтарына соңғы 5 жылға салық есептеу үшін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде көлік құралдарының иелері автокөліктеріне салықтарын төлемегендер анықталды. Бүгінгі күнде мемлекеттік кірістер органдары бойынша бережақтардың саны 1123 салық төлеуші, сомасы – 51 673,0 мың теңгені құрайды. Осыған сәйкес автокөлік құралдарының иелеріне анықталған салық бережақтардың өсімінен құтылу үшін, тез арада бережақты өтеуге шақырады.
Сонымен қатар жеке тұлғалардың көлік құралдары салықтарының төлеу мерзімі өткен жылдың 31 желтоқсанда өтіп кеткені ескертіледі.
Салық төлемін мерзімінде төлемегені үшін ҚР салық кодексінің 610 бабына сәйкес әр бір өткен күнге автоматты түрде өсім есептеледі.
Салық органдары салықтары төленбеген жағдайда сот органдарына материлдар беру арқылы бережақтарды өндіріп алады. 
Қазіргі таңда сот орындаушылармен бірлесіп рейдтік іс-шаралар арқылы салықтары төленбеген автокөліктерді тәркілеп, айыппұл тұрағына қойылу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Туындаған сұрақтар бойынша Ақтөбе облысы бойынша МКД, мына мекен-жайға Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі, 73, 16 кабинет немесе 21-37-40 телефонына хабарласуға болады.
Бережақ сомаларды Kgd.gov.kz сайты арқылы білуге болады.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД