Жарияланған күні: 11.09.2017 14:49
Өзгертілген күні: 11.09.2017 14:50

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сот және құқыққорғау органдарымен бірігіп Кеңес-мәжіліс органының кеңесіп «ҚР ҚҚ 215,216 және 245 бабтары бойынша жалған кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылықты криминалсыздандыру» тақырыбына жиналыс өткізді.

Жалған кәсіпкерлік мәселесі өте күрделі, аталған сұрақ соңғы уақытта сот инстанциясы, облыстық прокуратура, Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалық институтының және Ақтөбе облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен бірнеше мәрте белсенді түрде талқыланылды.

Ағымдағы жылдың 04 шілдесінде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, атап айтқанда ҚР ҚК-нің 215-бабы бойынша жалған кәсіпкерлік фактісін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталды.

Осы заңнамадағы өзгерістің негізгі көздеген мақсаты елімізде кәсіпкерлік қызметті дамыту және бизнестің өркендеуіне инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасау.

         А.ж. 19 шілдесінде Бас прокуратура мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен жедел мәжілісі өткізіліп, онда мемлекет экономикасына келетін теріс салдарларды азайту және бюджетке салық төлеуден жалтарудың қылмыстық схемаларын жасау арқылы мемлекетке залал келтірген кінәлі тұлғаларға қатысты жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

ҚР ҚК-нің 215-бабын алып тастау жалған кәсіпкерлік фактісімен қозғалған барлық қылмыстық істерді қысқарту дегенді білдірмейді, сенімсіз кәсіпорындардың басшылары, ұйымдастырушылары және аталған кәсіпорындардың құрылуына қатысы бар тұлғалардың әрекеті ҚР ҚК-нің 244, 245-бартары 28-бабы 5-бөлімі жиынтығында ҚР ҚК-нің 216-бабымен тергелетін болады, яғни салық төлеуден жалтаруға дем берушілік фактілерін анықтау мақсатында сенімсіз кәсіпорындар мен контрагенттердің арасындағы жасалған барлық мәселелердің жалғандығын дәлелдеу. 

Салық төлеуден жалтару түріндегі залал сомасы 20 000 АЕК-тен төмен контрагенттерге қатысты қылмыстық істен материалдар бөлініп, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Салық қызметі органдарына жолданылатын болады.

         Бюджетке салық төлеуден жалтару түрінде келтірілген залал сомасын өз еріктерімен қайтарған жағдайда қылмысты алғаш жасаған кінәлі тұлғалар қылмыстық топпен жасалған қылмыстарды қоспағанда, ақталмаған негіздер бойынша ҚР ҚК-нің 244, 245-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылудан босатылады.

         Осыған байланысты адал кәсіпкерлерге аталған заңнама нормалары түсіндірілуде, сонымен қатар Сіздерді бір күндік фирмалармен (сенімсіз ұйымдар мен жалған кәсіпорындар) өзара  қатынас жасаудың (мәмілелер жасау кезінде) алдын ала қауіпсіздік шараларын қолдануларына шақырамыз.   

        

 

Ақтөбе облысы бойынща Мемлекеттік кірістер департаменті