Жарияланған күні: 04.05.2017 16:27
Өзгертілген күні: 04.05.2017 16:30

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жалғасуда

 

Ол осы жылы да Мемлекеттік кірістер комитеті  азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік беретіндігін жария етті.

Оның мақсаты азаматтардың товар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Осы жылғы акция «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі».

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті