Жарияланған күні: 22.05.2018 17:24
Өзгертілген күні: 22.05.2018 17:26

төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 177 бабына сәйкес Салық төлеуші тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына жiберуге тиiс.                  Беру тәсiлiне қарай уәкілетті органға шағымды беру күнi:                                          1) келу тәртібімен берілгенде – уәкілетті орган шағымды тіркеген күн;                    2) пошта арқылы берілгенде – пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.                                                                                  Уәкілетті органға шағымды берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде оны кері қайтарып ала алады.Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.Шағымда:                                                                                                                                          1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;                                                              2) шағым беретін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);                                                                                                                                 3) сәйкестендіру нөмірі;                                                                                                    4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;                                    5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;                                                                                           6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;                                  7) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.                                          Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша – шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал салықтық мониторингке жататын салық төлеушілердің шағымдары бойынша шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде айқындалған тәртіппен тақырыптық тексеру, сондай-ақ қайталама тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағым жасаған мәселелер шегінде қаралады. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында ұсынбаған құжаттарын берген жағдайда, уәкілетті орган мұндай құжаттардың анықтығын айқындалған тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулер барысында анықтауға құқылы. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда:                                                                                                                   1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге;                      2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;                                                                                                                           3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;                                                                                                                       4) салықтық тексеруді жүргізуге қатысқан және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы. Шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін апелляциялық комиссия құрады.Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.Уәкілетті орган шағымды қарау біткен соң апелляциялық комиссияның шешімін есекере отырып, уәжді шешім шығарады. Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:                                                                                                      1) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы
хабарлама – өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;                                    2) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.                                                                                               Шағым бойынша шешiм жазбаша нысанда салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберіледi немесе қолын қойғызып табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.                               

Шағымды қарау мерзімі мынадай:         

1) тақырыптық және қайталама тақырыптық тексерулер жүргізген жағдайда –осындай тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне;                  

2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салу жіберген жағдайда – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.                          

Уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру туралы салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.                                                                                        

Шағымды қарау мерзімі мынадай:                                                                                            1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.                                                                         2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда  тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.Осы тармақшаға сәйкес шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жібереді.Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:                           1) шешім қабылданған күн;                                                                                                          2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;      3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;                             4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;                                          5) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;                                                                                                                                              6) шағымның мәні;                                                                                                            7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.                                                                                                             Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.Уәкілетті органға шағым берілген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы шағым бойынша  шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Салық төлеуші (салық агенті) сотқа арыз берген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалатын бөлігінде орындалуы соттың арызды іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалатын салықтық тексеруді уәкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеруді жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс. Деректер жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық тексеру барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уәкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы.                    

Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уәжді болуға тиіс. Салық төлеушінің және салық агентінің салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.

 

Аудит басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД