Жарияланған күні: 03.05.2018 11:49
Өзгертілген күні: 03.05.2018 11:49

     Интернет-дүкен немесе интернет-алаң арқылы тауарларларды электрондық сауда арқылы жүзеге асыратын салық төлеушілер салық салудан босатуға құқылы.

Аталған босатуды қолдану үшін келесідей талаптар орындалуы қажет:

  • тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
  • тауарларды жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса;
  • тауарлармен электрондық саудадан түскен табыс барлық табыстың 90 пайызын құраса.
        

Осылайша, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер салық органына қызметтің басталғаны туралы хабарламаны табыс етеді. Аталған хабарлама, «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.