Жарияланған күні: 20.02.2017 12:44
Өзгертілген күні: 20.02.2017 12:44

«Сыйлықтарды қабылдау және сыйлау тәжірибесіне жүргізілген жұмыс туралы»

 

         Мемлекеттік қызметшілер орындауға тиісті негізгі этикалық талаптарының бірі – бұл қызметтік міндеттерді орындау, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы»  Заңымен белгіленген  тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшелерінің қызметкерлерімен  және қызметшілерімен сыйлық сыйлау мен қабылдауда заңнама талаптары қатаң сақталуының алдын-алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда жыл басынан бері, жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметкерлерді ескертпей сыйлық сыйлауға қатысты 3 факті тіркелді. Ескертусіз келіп түскен ақшалай қаржы мен сыйлықтар, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, арнаулы мемлекеттiк қорға өткізілді.

Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмау, мемлекеттік кірістер органдарының беделіне нұқсан келтірмеу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметшілерге заңсыз материалды сыйақымен сыйлықтар, сонымен қатар  қызмет көрсетуде кезінде жеңілдіктер ұсыну  фактілерін жою  үшін жұмыстар жалғастырылуда.