Жарияланған күні: 16.03.2018 12:56
Өзгертілген күні: 16.03.2018 12:57

    

1 сұрақ.

2017 жылы ҚР азаматы жеке тұлға Россиядан жылжымайтын мүлік иемденген.Декларация тапсыру керек пе? Декларацияда не көрсету керек егерде табысы болмаса?

Жауабы:

Жеке тұлға 2017 жылға ЖТС декларациясын тапсыру керек(240.00 үлгі) бұл жерде мүлік түрі, сәйкестендіру нөмірі, ҚР аумағынан тыс жердегі иелігіндегі мүлкінің орналасқан жерін көрсету керек.Бұған  салықты есептеу және төлеудің қажеті жоқ.Яғни бұл  мәлімет анықтамаға көрсетіледі.

2 сұрақ.    

Студент-ҚР резиденті, 2017 жылдан бастап РФ тұрады және стипендия алады. Алынған стипендияны ресейлік банктен ашылған карточкаға ударады. Жылдық табысы 12  АСК аспаса2017 жылға 240.00  үлгіні тапсыру керек пе?

Жауап:     

Шет ел банктерінен ашылған студенттін есеп шотында ақша болса, онда ол 240.00.үлгіні тапсырады және 31.12.2017 жылғы жағдай бойынша  шет елдердегі банктерден ашылған шоттарындағы қалған ақшалай қаражаттын қалғанын  көрсетеді.

3 сұрақ.    

Менин  балам Германияда оқиды, онда ата-анасы  оқуына жәнетұру орнына Казкоммерц банктан ашылған картасына аударады.

Жауап:     

Егер Сіздің балаңызда шетелдік банктерден  ашылған 31.12.2017 жылғы жағдай бойынша чоты немесе қалған ақшалай сомасы болмаса, онда 2017 жылға 240.00 үлгіні тапсыру міндетті емес.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД