Жарияланған күні: 09.02.2017 17:39
Өзгертілген күні: 09.02.2017 17:40

Шетелдік қаржыландыру мониторингі

         Қазіргі уақытта шетелдік көздерден түсетін түсімдерді бақылау мақсатында және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының кодексі шеңберінде заңнамалық актілерге, оның ішінде Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілді.

Шетелдік көздерден қаржыландыратын жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік кірістер органына есептіліктерің табыс етілуін, сонымен қатар салық тіркелімдерін жасақтауды және айқын деректер базасын жүргізуді қарастыратын Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 және 627 баптарына түзетулер енгізілді.

Орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді, қызметтің мынадай  түрлерін көрсететін тұлғалар табыс етеді:

- заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғау және өкілі болу, және де оларға консультативтік мағлұмат беру;

- қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеу (коммерциялық мақсатта жүргізілген қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеулерден басқа), және де олардың қорытындысын тарату және жария ету;

- мағлұматтарды жинау, талдау және тарату, көрсетілген қызмет коммерциялық бағытта жүргізілгенінен басқа.

         Сонымен қатар, енгізілген өзгертулермен тиісті заңға тәуелді актілер қарастырылған, соған сай мәліметтер және хабарламаларды ұсынудың тәртібі мен мерзімдері реттеледі:

1.     Хабарлама (форма 017.00) мемлекеттік кірістер органдарына мәмле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылады.

2.     Ақшаларды алу мен жұмсалуы және өзге де мүліктер туралы мәліметтер (форма 018.00) мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

         Шетел көздерінен қаражаттарды алу мен оларды жұмсау туралы алынған мәлімет МКК интернет-ресурсында орналастырылады.

         Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдар есебінен жарияланатын ақпараттар мен мәліметтер, дайындау туралы нұсқаулар, тарату немесе ақпараттар және мәліметтерді орналастыру, тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтің  болуын қажет ететіндігін атап өту қажет.

Бұл ретте, жүзеге асырылатын шаралар хабарландыру сипатта болады және салық төлеушілердің құқықтарын шектемейді, қаражаттардың алу, жұмсау рәсімдерінің айқындығына, сонымен қатар халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын айта кеткен жөн.