Жарияланған күні: 09.01.2018 11:01
Өзгертілген күні: 09.01.2018 11:02

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасында электрондық декларацияны алдағы уақытта «АСТАНА-1» АЖ өндірістік қолдануға енгізу тәсілімен ендіруге байланысты Қазақстан Республикасының Орталық куәландырушы орталығының электронды цифрлық қолтаңбасына (ЭЦҚ) байланысты келесіні хабарлайды.

Жүйедегі әрекеттерді орындау үшін: сәйкестендіру, пайдаланушының аутентификациясы, декларациялардың кепілдігі, 2018 жылдың 25 қаңтарға дейін декларанттар, кеден ісі саласындағы уәкілетті тұлғалар және уәкілетті экономикалық операторлар және т.б. ЭЦҚ алу қажет.

ЭЦҚ алу үшін «Азаматтар Үкіметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына өтініш беру қажет. Заңды және жеке тұлға үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының www.pki.gov.kz сайтында орналастырылған.

 

Кедендік бақылау басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД