Жарияланған күні: 28.02.2018 11:51
Өзгертілген күні: 28.02.2018 11:52

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР «Төлемдер және төлем жүйесі туралы» Заңының қағидаларына сәйкес көтерме және бөлшек сауда саласында, қонақ үй, мейрамхана, сақтандыру шеңберінде, денсаулық сақтау шеңберінде, білім беру, спорттық саласында және т.б. шеңберінде қызмет атқаратын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер арнайы төлем карточкасы арқылы төлемдерді жүзеге асыруға арналған қондырғы, яғни POS-терминал арқылы төлемдерді қабылдауына міндетті болып келеді.

         Аталған талаптар өзіндік өндірістерін өндіру арқылы шығарылған ауылшаруашылық өнімдерін сонымен қатар, су дақылдары (балықшылық) өнімдерін өткізу арқылы көтерме немесе бөлшек сауда жасайтын және тұрақсыз сауда нысандарында (ашық базарларда және жәрмеңкелерде) кәсіпкерлігін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге таратылмайды.

         Төлем карточкасы арқылы төлемдерін қабылдауынан бас тартқан жағдайларда ескерту түрінде, ал егер қайталанған жағдайда шағын бизнес субъектілеріне 96 200 теңге, орта бизнес субъектілері үшін 144 300 теңге, ірі бизнес субъектілері үшін 240 500 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершіліктері қарастырылған    2018.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жоғарыда аталған кәсіпкерлік қызмет түрлерін атқаратын заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлер төлем карточкасы арқылы төлемдерін қабылдауынан бас тартқан фактілері орын алған жағдайда сенім телефонына хабарлауыңыз сұралады: +7-(7132)-59-51-33, 21-08-89 и УГД по городу Актобе +7-(7132)-56-02-36.

Мәлімет үшін: ҚР Үкіметінің 2016 жылдың 21 қазанында №604 Қаулысымен бекітілген арнайы төлем каточкасы арқылы төлемдерді жүзеге асыруға арналған қондырғы, яғни POS-терминал арқылы төлемдерді қабылдауды іске асыратын жекелеген қызмет түрлерінің тізімі:

Қызмет түрлері атауы

1

Автокөліктер мен мотоциклдерді бөлшектеп және көтермелеп сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

2

Бөлшектеп және көтерме сауда

3

Қонақ үйлер қызметін ұсыну

4

Мейрамхана қызметін ұсыну, тамақтандыруды ұйымдастыру және сусындарды ұсыну қызметтері

5

Жол жүру құжаттары мен темір жол және әуе жүктері түбіртектерін сату

6

Жүктерді өңдеу, қоймаға жеткізу және сақтау қызметтері, басқа да қосымша жүк тасымалдау қызметтері

7

Туризм саласындағы қызметтерді ұсынатын туроператорлар, турагенттер мен басқа да ұйымдардың қызметтері

8

Сақтандыру саласындағы қызметтер

9

Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер

10

Білім беру саласындағы қызметтер

11

Кинофильмдерді, телевизиялық бағдарламаларды көрсету, тарату қызметтері

12

Фитнес –спорттық, диско клуб қызметтері

13

Бәс тігу, құмар ойындарды ұйымдастыру қызметтері

14

Бильярд және боулинг бойынша қызметтерді ұсыну