Жарияланған күні: 15.08.2018 10:16
Өзгертілген күні: 15.08.2018 10:20

Бекітілген кестеге сәйкес Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры АФ бірлесіп  «Нурдаулет»,  «Акку» сауда кешендерінде саудагерлеріне Жаңадан қабылданған салыжәне кеден заңнамалары онымен қоса Елбасының 5 әлеуметтік бастамасындаға жалақысы төмен қызметкерлердің салық ауыртпалығын төмендету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Чек талап ет-жүлде ұтып ал мемлекеттік науқанының шарттарымен қатар өзекті тақырыпқа айналған электрондық сауда жасаудың жеңілдіктері мен тиімділігі турасында және үнемі айтылып отыратын бақылау-касса машиналары мен  POS-терминалдарды қолдану тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара барысында үлестірме қағаздар таратылып, кәсіпкерлер мен тұтынушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.