Жарияланған күні: 24.12.2018 16:13
Өзгертілген күні: 24.12.2018 16:16

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті cалықтөлеушілердің  салықтық  төлемдерді жасау барысында заңды тұлғалар мен  жеке тұлғалар үшін де жол берілмеуі тиіс қателіктерді өте жиі жіберетіні туралы хабарлайды.

Мысалы,

жеке тұлғалар келесі төлемдерді қате жасайды:

- БСК 101110 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы ";

- БСК 104101 "Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық" заңды тұлғаларға ғана рұқсат етілген.

Жоғары көрсетілген БСК бойынша 101202 "Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы", БСК 104102 " Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық " БСК бойынша төлемдер жүргізіледі ;

заңды тұлғалар келесі төлемдерді қате жасайды

-БСК 104102  " Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық ";

-БСК 101202 "Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы";

- БСК 104402 " Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық"  тек  жеке тұлғаларға ғана рұқсат етілген.

 Жоғары көрсетілген БСК бойынша  104101 " Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық", БСК 101201 " Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы ", БСК 104401 "Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық " БСК бойынша төлемдер жүргізіледі.

 

Осыған орай, қате жасалған төлемдерді, көп мөлшердегі қайтару/есепке алу болдырмау мақсатында, салықтөлеушілерден жоғарыдағы ақпаратты назарға алуыңызды сұраймыз.